28-29 шілдеде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың төрағалығымен Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі және IQanat High School of Burabay базаларында республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға Министрліктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, аумақтық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, білім басқармаларының, әдістемелік орталықтардың, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалдарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының кешенді мониторингінің, білім беруді басқару органдары қызметінің кешенді мониторингінің қорытындылары талқыланды, балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы орта құру бойынша қабылданған шаралар барысы қаралды. Жаңа форматтағы басшылардың, білім берудегі өзгерістер көшбасшыларының кадрлық резервін құру бойынша бағдарлама мазмұны таныстырылды.
Сонымен қатар, министрліктің құрылымдық бөлімдері басшылары білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндамалар тыңдалып, нақты міндеттер қойылды.
Семинар-кеңестің екінші бөлігінде IQanat High School of Burabay қызметімен таныстық.
Іс-шара барысында барлық құрылымдар арасындағы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тренингтер және әртүрлі тақырыптық алаңдар, қызықты тапсырмаларды қамтитын «Біз біргеміз» тақырыбында Team Building ұйымдастырылды.
Іс-шара қатысушыларға сенімге негізделген іскерлік қарым-қатынас, көшбасшылық дағдыларын, жауапкершілікті өз мойнына алу, идеяларды қалыптастыру және тұжырымдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Өте жақсы ұйымдастырылған қызықты іс-шара болды.Осындай жайлы орта қалыптастырып, пайдалы және қажетті ақпараттармен қамтамасыз еткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі және барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.