
2023 жылдың І жартыжылдығында (2023 жылғы 4 қаңтардан 30 маусымға дейін) Департаментке «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін алуға 182 өтініш келіп түсті, оның ішінде 115-і қанағаттандырылды, 67-сі қанағаттандырудан бас тартылды.
Талдау лицензияны беруден және қайта ресімдеуден және лицензияға қосымшадан бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттардың толық болмауы болып табылатынын көрсетеді.