
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында 2023 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Департамент 88 техникалық және кәсіптік және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (31 колледж, 57 балабақша) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша:
аттестатталғаны-17 колледж, оның ішінде: 6 мемлекеттік, 11 жекеменшік;
аттестатталмағаны – 14, оның ішінде: 5 мемлекеттік (3-уі ҚР МСМ республикалық маңызы бар), 9 жеке меншік.
11 колледж қайта аттестаттаудан өтті.
Мемлекеттік аттестаттау барысында 14 колледж оқыту жүзеге асырылмаған 54 мамандық және 59 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларды қайтарды.
Мемлекеттік аттестаттауға жататын 57 мектепке дейінгі білім беру ұйымының (26 Мемлекеттік және 31 жеке) 45-і аттестаттаудан сәтті өтті, ал 12-сі аттестатталмады. Аттестатталмаған ұйымдар кесте бойынша қайта аттестаттаудан өтеді.