Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізді:
- «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлердің өтініштерінің мониторингі (қаңтар);
- 2023 жылы аяқталуы жоспарланған білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты шеңберінде салынып жатқан мектептер мен толықтырулар бойынша мониторингі (наурыз);
- Елорданың 90 мектебінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг ұйымдастыру және жүргізу (сәуір-мамыр);
- Астана қ. білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша мониторингі (мамыр);
- «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мониторингі (мамыр);
- ҰДБ толтырудың дұрыстығына, мектептердегі интернет жылдамдығына мониторингі (мамыр);
- ШҚО және Қарағанды облысының білім басқармаларының қызметін кешенді зерттеуге қатысу (маусым).
Мониторингтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және Астана қаланың білім басқармасына жіберіледі.