Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті елорданың мемлекеттік мектептерінің 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторингті бастады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 11 шілдеден бастап Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті елорданың мемлекеттік мектептерінің 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторингті бастады.

Мониторингті Департамент қызметкерлері, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері жүргізеді.

Мониторингпен білім алушылардың қауіпсіздігі, интернет желісіне қолжетімділік, мектептерді жөндеу (күрделі, ағымдағы), жаңа үлгідегі кабинеттер мен зертханалардың, кітапхананың, асхананың, спортзалдың және тиісті мүкәммалдың болуы және т. б. мәселелер қамтылды.