
2023 жылғы 30 маусымда Астана қаласы білім беру ұйымдары педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында консультативтік-кеңесші орган мүшелерімен Астана қаласы білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогикалық әдеп қағидаларын және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары талқыланды.
Сонымен қатар, консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен және педагогтермен кездесу кестесі қаралып, 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында қаралатын мәселелер нақтыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ККО мүшелері педагогтердің құқықтық нормалары мен педагогикалық әдеп қағидаларының бұзылуы фактілерін болдырмау және олардың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелендіруді, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылар үшін жадынамалар мен бейнематериалдар жобасын әзірлеп, келесі кеңес отырысына енгізуді ұсынды.