
Бүгін Астана қаласында орналасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысына тартылған сарапшылармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының қолдауымен сарапшылар үшін «Тұлғалық өсу» тақырыбында тренингі ұйымдастырылды. Тренинг аясында ішкі әлеуетті дамыту, өзін-өзі толыққанды жүзеге асыру және қоршаған әлеммен үйлесімділік табуға бағытталған түрлі жаттығулар қарастырылды.
Іс-шара соңында барлық сарапшылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.