2023 жылғы 23 маусымда Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік аттестаттауға жататын жалпы білім беретін 36 ұйымның басшыларымен жиын өткізді.

Күн тәртібінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары бойынша сұрақтар талқыланды.

Жиынға Астана қаласының әдістемелік орталығының басшысы С.М.Дәуешова, әдіскерлер қатысты.

Іс-шара аясында білім беру ұйымдары тарапынан қойылған барлық сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар берілді.

Жиынды қорытындылай келе, Департамент басшысы Г.С. Жунусова мемлекеттік аттестаттауға ұсынылатын құжаттардың уақытылы және сапалы дайындалуын ерекше назарға алуды тапсырды.