21.06. 2023 ж. Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауеновтың төрағалық етуімен өткен жиналыстың күн тәртібінде мемлекеттік аттестацияның қорытындылау жүйесі бойынша жүргізілетін жұмыс тәжірибелері туралы Қарағанды және Түркістан облысының сапаны қамтамасыз ету департамент басшыларының орынбасарлары тыңдалды.
Астана қаласы бойынша департамент басшысы Гүлбақыт Жүнісова «е-лицензиялау» деректер қорын жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.