Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің міндеттері

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің міндеттері

          📍 «Білім туралы» ҚР Заңының 49-бабына сәйкес ата-аналар және кейбір заңды өкілдері балалардың Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында орта білім алуын қамтамасыз етуге, балалардың оқу орнында сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

        📍 Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында, ата – аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы- ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

         📍 Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)үшін жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

        📍 Департамент білім беру ұйымдарымен, ата-аналарымен (заңды өкілдерімен), қалалық полиция басқармаларымен баланың мемлекет кепілдік берген білім алу құқығын қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.

         📍 Айта кетсек бүгінгі таңда Департамент жоғарыда айтылған заңнамаға сәйкес заңды өкілдердің көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы фактісі бойынша 10 заңды өкілге әкімшілік іс қозғалды.

       📍 Балалардың мектепке бармау және баланың білім алу құқығын бұзу фактілері анықталған кезде Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 51-69-85 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.