
Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті А. Бөкейхан атындағы Binom School мектебінің әкімшілігімен білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта елордада мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1-11 сынып оқушыларына мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытуды жүзеге асыратын 6 мектеп жұмыс істейді: Ы. Алтынсарин атындағы Binom school, Ә. Бөкейхан атындағы Binom school, А. Байтұрсынұлы атындығы Binom school, Қадыр Мырза Әли Binom school, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school, А. Кекілбаев атындағы Binom school.
Білім беру ұйымдары қызметін лицензиялау аясында білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бойынша жеке түсіндіру жұмысы үнемі жүргізілетін болады.