
2 маусым күні ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің лицензиялау бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен лицензиялаудың өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық – эпидемиологиялық комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері қатысып, білім беру ұйымдарындағы талаптардың сақталуы бойынша өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестер қаламыздағы Қадыр Мырза-әлі атындағы Binom School мектебіне бару арқылы білім берудегі жаңа инновацияларымен танысты.
Сонымен бірге, Департамент қызметкерлері «Ұлттық бизнес және инжиниринг» мектебінде Гулмира Аманжолқызы Қорғанбаеваның «Көшбасшылық және тұлғалық даму» тренингіне қатысты.