Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Астана қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.

2023 ж. 26.05 Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Р.А. Козкеева Астана қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Отырыста «Алматы», «Байқоңыр», «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының ювеналды полиция бөлімдері, Астана қаласының білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары тапсырмаларының орындалуы туралы есептер тыңдалды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалардың өмірін одан әрі орналастыру бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) қатысты материалдар қаралды, профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне қатысты материалдарды, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, ювеналдық полицияның ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша Комиссия мүшелері балалар мүддесі үшін ҚР қолданыстағы заңнамасына ұсынымдар қабылданды.
Отырысқа байқаушы ретінде ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі Ж.С. Қадырбаева қатысты.