26 сәуір мен 11 мамыр аралығында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) өткізіледі.

26 сәуір мен 11 мамыр аралығында  білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) өткізіледі.

https://www.facebook.com/100001819815673/posts/8976108952459676/?mibextid=cr9u0326 сәуір мен 11 мамыр аралығында еліміз бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) өткізіледі.

Биыл МОДО-мен 1471 мектеп қамтылып, 50 мыңға жуық білім алушы қатысады.

МОДО дәстүрлі түрде 4 және 9 сынып оқушылары үшін оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша өтеді.

МОДО-ны өткізу үшін «бір аудитория - бір тәуелсіз сарапшы» принципіне сәйкес эксперттермен келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, министрліктің, сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің, «Өрлеу» орталығының филиалдары, ЖОО, республикалық ұйымдардың өкілдері байқаушы ретінде қатысады.

Құрметті әріптестер!

МОДО-ны өткізу кезінде «академиялық адалдық» принципінің сақталуын ерекше сұраймыз.

Мониторинг нәтижесінің және қорытындысының құқықтық салдары болмайды.

МОДО-ның қорытындысы бойынша өңірлерге және білім беру ұйымдарына әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Барлық білім беру ұйымдарына сәттілік тілеймін!