29 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидасына сәйкес рәсім өткізілді. Департаментің білім сапасын сырттай бағалау бөліміне қабылданған бас мамандар - Жанна Шантиева және Марал Әсілхан мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы биік жауапкершілігін сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде антын берді. Жас мемлекеттік қызметшілерге сәттілік!