2025 жылғы 25 желтоқсан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті ТжКББ ұйымдарының басшыларымен маңызды кездесу ұйымдастырды

2025 жылғы 25 желтоқсан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті ТжКББ ұйымдарының басшыларымен маңызды кездесу ұйымдастырды

2025 жылғы 25 желтоқсан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті ТжКББ ұйымдарының басшыларымен маңызды кездесу ұйымдастырды. Іс шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ департаментінің өкілі, «Talap» КЕАҚ Педагогтерді дамыту басқармасының бірінші деңгейдегі бас маманы және Білім басқармасының өкілдері қатысты.


Іс-шара барысында ТжКББ саласындағы өзекті мәселелер, заңнамалық өзгерістер, білім беру сапасын бақылау, педагогтердің біліктілігін арттыру және лицензиялау талаптары жан-жақты талқыланды. 

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, білім беру саласын дамытуға бағытталған ұсыныстар қабылданып, тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Мұндай кездесулер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және тиімді өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.