№82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтті

№82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтті

2025 жылғы 22 желтоқсанда №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің 10 жылдық мерейтойына арналған "10" жыл: Үздіксіз даму, өркендеу, жетістіктер" атты салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған мерекелік жиынға білім беру саласының өкілдері, құрметті қонақтар мен серіктестер қатысты.

Іс-шара барысында лицейдің он жыл ішіндегі қалыптасу және даму жолы кеңінен таныстырылып, білім беру сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылған жүйелі жұмыстар мен маңызды нәтижелер атап өтілді.

Білім ордасына алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз.