ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2026 жылдың І тоқсанындағы ақпарат
Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты – Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Департаментке бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2026 жылдың бірінші тоқсанында 392 құжатқа апостиль қойылды.