Мемлекеттік аттестаттауды өткізу
2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында 90 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған болатын. Оның ішінде 89 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (6 мемлекеттік және 83 жекеменшік) аттестаттау жүргізілді. 1 ұйым өз еркімен білім беру қызметін тоқтатқан.
Аттестаттаудан өткен ұйымдардың жалпы санының ішінде 5 балабақша (3 мемлекеттік, 2 жекеменшік) аттестаттаудан өтті.
Қайта аттестаттау 12 білім беру ұйымында жүргізілді (11-і МДҰ-1, 1-і ЖОБҰ (алғашқы аттестаттау 2024 жылы өткен)). Қалған 79-ы (26 МДҰ, 2 ЖОБҰ) іс-шаралар жоспары сәйкес белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімдеріде қайта аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары талаптарының бұзылуы:
тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының болмауы.