«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуы. Педагогтердің құқықтарын қорғау

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуы. Педагогтердің құқықтарын қорғау

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізілді. Кеңесте педагогикалық этика нормаларының бұзылу мәселелері қаралып, мектептердегі Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларының есептері мен педагогтердің құқықтарын қорғау бойынша жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері тыңдалды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 1-бөлігі 2) тармақшасына сәйкес (құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде) әкімшілік істер қозғалды.

Астана қаласы әкімдігінің «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушысы ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-3-бөлігі бойынша педагогтерді қызметтік емес жұмысқа тартқаны үшін «ескерту» түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

 

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуы. Педагогтердің құқықтарын қорғау
Дата публикации
04 июля 2025