Ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы ақпарат

Департаментке бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2024 жылдың үшінші тоқсанында 2032 өтінім келіп түскен. Оның 1856-ы бойынша құжаттар апостильденіп, 176 өтінім бойынша қызметті көрсетуден бас тартылды.

Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты - Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

 Осы мерзімде 29 мемлекеттің аумағында қолдануға арналған құжаттар апостильденді. Алғашқы үштікте келесі елдер: Испания  – 249, Австрия – 230, Корея – 202. 

– 230, Корея – 202.

Дата публикации
31 октября 2024