
Күн тәртібінде облыстың білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, мектептерге профилактикалық бақылау жүргізу, білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оқулықтармен қамтамасыз етілуі мен жеткізілуіне мониторинг жүргізу, жаңадан ашылатын бес мектептің педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі және тағы басқа мәселелер қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.