2023 жылдың ІІ тоқсанында апостиль қою жөніндегі ақпарат
2023 жылдың II тоқсанында апостиль қоюға – 71 өтініш, оның ішінде 58 өтініш – Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы, 13 өтініш – электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы берілді.
Апостиль қойылды – 48 білім туралы құжатқа. Бас тартылды – 23.
Түрлері бойынша білім туралы құжаттарға апостиль қойылды: мектеп аттестаттары – 16, ЖОО дипломдары – 12, ТжКБ дипломдары – 15, басқа құжаттар-5. Шет елдеріне бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды: Түркия – 7, Чехия – 2, Польша – 5, Германия – 6, Италия – 8, Ресей – 2, Испания – 1, Оңтүстік Корея – 2, Австрия – 2, Әзірбайжан – 1, Болгария – 1.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау; түбіртекте салық алымының деректемелерін дұрыс көрсетпеуі; төлемнің болмауы.