ББЖМ бірінші күні

ББЖМ бірінші күні

 Бүгін а.ж. 26 сәуірінде республика ауқымында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды. Ақмола облысында ББЖМ-да  112 орта білім беру ұйымдарының білім алушылары өтеді. Облыста ББЖМ өткізудің бірінші күні өңірдің 14 мектебінің 4 және 9 сынып оқушылары  мониторингке қатысты: Аршалы ауданының 7 білім беру ұйымы; 4 - Ақкөл ауданы; 3-Астрахан ауданы.

ББЖМ ережеге сәйкес өткізілді, білім беру ұйымдарының үйлестірушілері әкімшіліктермен бірлесіп, қажетті ұйымдастырушылық - техникалық даярлықты жүргізді,  мектептерге жіберілген сарапшы-тест әкімшілері, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  қызметкерлерінің қатысуымен тестілеу рәсімінен өту кезінде академиялық адалдықтың сақталуын қамтамасыз етті.