Меню

Страницы

Статья

Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

2026 жылғы 9 қыркүйекте Білім басқармалары, Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңеске Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты.

Аппараттық кеңес барысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, оқу процесіне міндетті курстарды енгізуді қамтамасыз ету, педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын іске асыру барысы, «Үздік педагог» конкурсын ұйымдастыру, орта білім беру мазмұнын жетілдіру және бастауыш сыныптардағы білім беру үдерісінің жай-күйі, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, білім сапасын қамтамасыз ету және білім алушыларға қолайлы жағдай жасау бағыттары бойынша өзекті міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар, қаралған мәселелер бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты тапсырмалар белгіленіп, олардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы