Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 22–23 шілде аралығында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Қаппасов Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласындағы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де, Ақкөл ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Барап» балалар спорт-сауықтыру орталығы» ШЖҚ МКК-де, Біржан сал ауданындағы «Lingvocamp» жеке кәсіпкерлігіндегі балалардың оқу-сауықтыру орталығында, Бурабай ауданындағы «Эдельвейс 2030» ЖШС мен «Балдырған-2014» ЖШС-де кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыстары зерделенді.

Мониторинг барысында ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жай-күйі, кадрлық қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнама талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.

 

 

 

 

Дата публикации
24 июля 2026
Дата обновления
24 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы