Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы мектептер мен колледждерде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді  

 Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 4-15 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының талабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы колледждерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулердің мақсаты – білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және оқу-тәрбие қызметінің жүзеге асырылуын бақылау. Тексеру келесі мекемелерде жүргізілді:

  1. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы №1 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі;
  2. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы №2 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі;
  3. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы №7 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі;
  4. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласының жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы №4 және №5 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы, 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы және 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығының орындалуы тексерілді. Тексерулердің нәтижелері бойынша ақпарат Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданды.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы