Меню

Страницы

Статья

«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастырылуымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қатысты.          Департамент басшысы О.К.Каппасов конференцияда модераторлық етіп, талқылау барысын үйлестірді. Спикерлердің белсенділігі мен ашық пікір алмасудың арқасында бұл алаң педагогикалық қоғамдастық үшін нақты шешімдер әзірлеу орталығына айналды.

Конференция барысында білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды насихаттау арқылы білім сапасын арттыру, оқушылар мен педагогтердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары талқыланды.

Конференция нәтижесі бойынша ұсынылған шаралар мен методикалық ұсынымдар білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттарды насихаттау мен құқықтық қорғауды күшейту үшін қолданылатын болады.

 

 

Дата публикации
18 мая 2026
Дата обновления
18 мая 2026
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы