Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Балалар мен жасөспірімдер туризмі және демалысы республикалық қауымдастығының төрағасы К.А.Султановпен жұмыс кездесу

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов 2026 жылғы 16 сәуір күні Қазақстан Республикасының Балалар мен жасөспірімдер туризмі және демалысы республикалық қауымдастығының төрағасы К.А.Султановпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қосымша білім беру саласындағы қолданыстағы талаптар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қолжетімділігін кеңейту бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын жыл бойы және маусымдық балалар сауықтыру орталықтарының қызметін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аталған орталықтардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат беру құжаттарының болуы, олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі және бақылау шараларын күшейту мәселелері қарастырылды.

Кездесу аясында балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды орындау, сондай-ақ қызмет көрсетудің сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың сапалы демалысы мен қосымша білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірлескен іс-шараларды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Дата публикации
17 апреля 2026
Дата обновления
17 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы