Меню

Страницы

Статья

«Үздік мектеп-2025»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен, Оқу-ағарту министрлігінің ауқымды шаралары іске асырылуда: заманауи және жайлы мектептер салынуда, педагогтардың кәсіби өсуі үшін жағдайлар жасалуда, халықаралық тағылымдамалар, оқыту бағдарламалары мен халықаралық ұйымдармен әріптестік бастамалар енгізілуде, педагог мәртебесі дамуда және тағы басқа жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Оқу жылының аяқталуына орай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан берілген «Үздік 100 мектептің» қатарына Ақмола облысының 5 мектебі енді.

«Үздік мектеп-2025» марапатталған білім ұйымдары: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы  бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы  бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындағы №3 Ақкөл жалпы орта  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы  бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Оқу жылының аяқталуына арналған  іс-шарада Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ақмола облысы білім басқармасының, қала, аудан әкімдерінің бірлесе қатысуымен «Үздік мектеп-2025» марапаттаулары табысталды.

 Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, оқу жылының аяқталуымен құттықтап, «Үздік мектеп-2025» марапаттауың табыстап, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың құттықтау сөзін жеткізді.

 

Дата публикации
23 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы