Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының іске асырылуы туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы Ақмола облысында белсенді іске асырылып жатыр.

  «Жайлы мектеп»  білім беру саласындағы пилоттық ұлттық  жобасы  орта білім беру саласында, әсіресе, ірі қалалардағы ең өзекті мәселе –оқушы орнының тапшылығы, әрбір мектеп оқушысына білім алуы және жан-жақты дамуы үшін білім алушылардың және олардың ата-аналарының қатысуымен мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым тарапынан лайықты жағдайлар жасалу болып саналады.

Осыған орай, «Жайлы мектеп»  білім беру саласындағы пилоттық ұлттық  жобасы шеңберінде Ақмола облысында 12200 оқушы орнына арналған 9 мектеп, 2024 жылы 9200 оқушы орнына арналған 7 мектеп (Целиноград ауданындағы Талапкер а. IT мектеп-лицейі, Талапкер а. мектеп-гимназиясы, Қараөткел а. мектеп-лицейі, Ақмол а. мектеп-гимназиясы, Қаражар а. мектеп-лицейі, Қабанбай батыр а. мектеп-лицейі, Қоянды а. мектеп-лицейі), 2025 жылы 3000 оқушы орнына арналған 2 мектеп (Көкшетау қ. №20 мектеп-гимназиясы, Көкшетау қ. техникалық мектеп-лицейі) іске қосылды.  

2024 жылы 9200 оқушы орнына арналған 7 мектептің, 2025 жылдың қаңтар айында 2 мектептің  құрылысы аяқталып, оқу -тәрбие үрдісі жүріп жатыр. Қазіргі таңда білім алушылардың оқу жылының аяқталуына орай жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы