Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының педагог қауымымен кездесу

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов 2025 жылғы 30 сәуір күні Көкшетау қаласы білім беру  ұйымдарының педагог қауымымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Департамент басшысы О.К.Каппасов Департамент жұмысының негізгі бағыттарына, оның ішінде білім беру ұйымдарында өткізіліп жатқан бақылау шаралары, педагогтардың білім беруде білім сапасына аса назар аударуға, педагогтардың біліктілік санаттарын көтеру, біліктілік арттыру курсттан уақытында өту мәселесі аталды. Педагогтардың пікірі қашан да құнды екенін, олардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті сақтау мәселесін назарда ұстауға,  Департамент тарапынан құрылған "Педагогті қорғау"  чатына жұмыс жасайтыны жайлы айтылып өтілді.

Жас педагогтарға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу, кез келген мәселені ұжым ішінде шешіп, ауызбіршілікте жұмыс істеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жасап жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, адал еңбек ету жайында маңызды кеңестер берілді.

Білім саласында туындаған сұрақтар бойынша ұсыныстар беру ұсынылды. Кездесу соңында педагогтар сауалдар қойып, өз ойларымен  бөлісті.

                   

 

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы