Ақмола облысында 2023 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өту үшін тізбеге 170 білім беру ұйымы, оның ішінде 57 балабақша, 93 мектеп және 20 колледж енгізілді.
Қаңтар-наурыз айларында 20 колледж (14 мемлекеттік, 6 жекеменшік), 14 мектеп және 8 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Нәтижесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 4 колледж аттестатталды, 16 колледж аттестатталмады.
Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бастапқы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 14 мемлекеттік мектепті мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Негізгі бұзушылықтар: материалдық-техникалық базамен толық жарақтандырылмау, 9 сыныпты тестілеудің төмен нәтижелері, талаптарға сәйкес "Күнделік" электронды журналын толтырмау, балаларды топтарға жинаудың сәйкес келмеуі, педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі.