Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5 сәуірінде БКБ режимінде (ZOOM платформасы) Зеренді ауданының білім беру бөлімінің мамандары және әдіскерлерімен, білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарларымен, «Ауданның білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау» тақырыбында кезекті семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында бекітілген құрылымға сәйкес білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын сапалы дайындау және барлық растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсыну мәселелері талқыланды, семинарға қатысушыларға өзін-өзі бағалау бойынша есепті дайындау бойынша түсініктемелер берілді, мысалдармен есепке қосымшаны толтыру талқыланды, аттестаттау барысында анықталған қайталанатын бұзушылықтар мен ескертулерге жеке тоқталды.