Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Зеренді ауданының «Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК білім беру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді. Мемлекеттік бақылау шарасы барысында аттестаттау комиссиясы колледж ұсынған өзін-өзі аттестаттау материалдарын зерделеді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша сарапшылар оқыту нәтижелеріне бағдарланған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдерін сақтау және т.б бағаланды ҚР ЖК 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келетіндігін анықтады. Өзінің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолданатын колледждің педагогикалық құрамының кәсіби деңгейін арттыру бойынша бақылау және жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша «Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК «Аттестатталсын» деген шешім шығарды.