Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан ақпан айында Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Балауса" бөбекжайының мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (қайта) мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау барысында перспективтік жоспарлардың, қорытынды мониторинг жұмысының, оқу жұмыс жоспарының сәйкестігі бойынша жинақтаған құжаттарды қарай келе, олқылықтар жойылған. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестендірілген. Нәтижесінде комиссия мүшелері «аттестатталсын» деген шешім шығарды.