Меню

Страницы

Статья

Cтепногорск қ.білім бөлімімен кеңес

Президент Қ.К.Тоқаевтың білім  беру саласын дамыту мәселелеріне қатысты берген тізбесіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен zoom тәртібінде кездесулер кестесін қалыптастырды.

2023 жылғы 01 ақпан айында  Степногорск қаласы білім бөлімінің мамандары және ауданның білім беру ұйымының басшыларымен кеңес өткізілді.

Кеңесте педагогикалық этика кеңестің, Қамқоршылық кеңестің жұмысы, конкурстар негізінде педагогтерді қабылдау, білім беру ұйымының қауіпсіздігі, санитарлық тораптардың болуы мәселелері айтылды. Жалған ҰБТ сертификаттары бар оқытушыларды анықтау, педагогтарға жалақыны уақытылы төлеу, толық емес күн болатын мемлекеттік және жеке меншік шағын орталықтардың мәселелері,  аудан бойынша мемлекеттік тілде оқытылатын білім ұйымдарының аздығы, төтенше жағдайлар болған кезінде жедел ақпарат беру сұрақтары қаралды.

Департамент тарапынан педагогтік әдеп,  педагогтар құқықтарының бұзылу мәселелерін қарастыру мақсатында «Педагогті қорғау» чатына келіп түскен сауалдарға жауап беру жайлы  айтылды.

Кеңес барысында Степногорск қаласы ата-аналар қоғамы мен педагогикалық әдеп кеңесінің өкілдері қатысып, жұмыс бойынша өздерінің тілектерін білдірді, бірқатар мәселелер талқыланды.

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
14 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібін түсіндіру
Ақпарат
06 октября 2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау
Ақпарат
30 сентября 2026
«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы