Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

«Бастауыш, негізгі жалпы, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға арналған білім беру және сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – лицензиялау):

2026 жылдың бірінші тоқсанында Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі – Департамент) лицензиялау бойынша 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- лицензия мен қосымша берілмеген-0,

- қосымшалар берілді-1,

- қайта ресімделді-5,

- бас тартылды-8.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өтінімдері бойынша:

- лицензия берілді-0,

- лицензияға қосымшалар берілді-1,

- қайта ресімделді-1,

- бас тартылды-4.

Жалпы білім беру ұйымдарының өтінімдері бойынша:

- лицензия берілді-0,

- лицензияға қосымшалар берілді-0,

- қайта ресімделді-4,

- бас тартылды-4.

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беруден және/немесе қайта ресімдеуден бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толық болмауы болып табылады.

Лицензиялау бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанында бас тартулар, мерзімдерді бұзу және шағымдар болған жоқ.

«Білім беру мекемелерінің ресми құжаттарына апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – апостиль қою):

2026 жылдың бірінші тоқсанында апостиль қоюға 83 өтінім түсті. Апостиль 68 құжатқа қойылды. 15 өтінім қабылданбады.

Апостиль білім туралы құжаттардың келесі түрлеріне қойылды:

орта білім туралы аттестаттар – 14,

колледж дипломдары-10,

табельдер-14,

басқа құжаттар – 30.

Апостиль Чехия – 2, Польша – 2, Германия – 9, Италия – 4, Испания – 1, Оңтүстік Корея – 3, Австрия – 1, Словакия – 1, Қытай – 1, Словения – 1-ге баратын жеке тұлғаларға арналған білім туралы құжаттарға қойылды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізгі себептері: Білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау, төлеушінің деректерін түбіртекте дұрыс көрсетпеу, тиісті емес құжаттарды ұсыну.

Лицензиялау бөлімінің басшысы М. Ш. Әбілмаженов және лицензиялау бөлімінің бас маманы Е. М. Жантаев ZOOM арқылы Ақмола облысының білім беру мекемелері мен білім бөлімдерінің басшыларымен, орынбасарларымен және әдіскерлерімен семинар-кеңес өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Апостиль қою бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанында бас тарту, мерзімдерді бұзу және шағымдар болған жоқ.

Дата публикации
03 апреля 2026