Мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары
Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары:
- профилактикалық бақылау нысанында келусіз өткізілетін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау,
- барумен профилактикалық бақылау,
- біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру,
- өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер,
- білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (МҚББ) және мониторингтер.
2026 жылдың бірінші тоқсанында 10 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Бірінші рет 6 балабақша (Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю. А. Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Әсел» бөбекжай» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Еркөстік» балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Мерей» бөбекжайы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы» МКҚК).
Аттестаттаудан бірінші рет өтпеген және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейтін 4 мемлекеттік балабақшаның қызметі (Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» МКҚК, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК).
Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:
- біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау;
- әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдасқан қызметтің сәйкес келмеуі;
- балаларды топтарға жинау кезінде жас кезеңінің бұзылуы.
- жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі.сыныптар;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингі (бастапқы, қорытынды) нәтижелерінің болмауы.
Бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде: қайта аттестаттаудан өтпеген 2 балабақша аттестатталды, бұзушылықтарды жою мерзімі келген жоқ.
Қайта аттестатталмаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жоқ, 2 мектеп 2025 жылдан бастап профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.
1 тоқсанда 2 білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (Көкшетау қ. «Арна» колледжі және Степногорск қ. №5 ЖМ). 2-ші тексеру бойынша нұсқама шығарылған жоқ.
Профилактикалық бақылау және КВТ жүргізілмеген.