Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың 9 айының мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша есебі

   Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауы 2025 жылдың 9 айында  мемлекеттік аттестаттау жоспарына сәйкес 84 білім беру ұйымында аттестаттау өткізілді (жоспар – 84, орындалуы – 100%). Оның ішінде: 12 мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымы (6 мемлекеттік, 6 жеке меншік),72 мемлекеттік мектеп.

   Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша бірінші кезеңде аттестаттаудан өткендер: 4 балабақша, 17 мектеп. Аттестаттаудан өтпеген және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмегендер: 72 мектеп, 6 жеке меншік балабақша, 2 мемлекеттік балабақша.

    Бұзушылықтарды жою нәтижесінде қайталама аттестаттау кезінде 12 балабақша, 69 мектеп аттестатталды. Қалған 3 ұйым бойынша бұзушылықтарды жою мерзімі әлі келмеген.

2024–2025 жылдардағы аттестаттау қорытындылары бойынша облыстың 6 мектебі қайталама аттестаттаудан өте алмады.

Қайта аттестаттаудан өте алмаған мектептер профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді. 2025 жылдың I жартыжылдығындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылып, аттестатталған мекемелер: Астрахан ауданы Степное ауылының негізгі мектебі, Астрахан ауданы Жарсуат ауылының негізгі мектебі.

2025 жылдың II жартыжылдығына профилактикалық бақылауға 3 мектеп енгізілді.

Дата публикации
28 ноября 2025