«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Лицензиялау) көрсету бойынша:
2025 жылдың ІІІ тоқсанында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі – Департамент) лицензиялау бойынша – 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде лицензия және қосымша берілді – 10, қосымшалар берілді – 1, қайта ресімделді – 4, бас тартылды – 0.
Техникалық-кәсіптік және орта бімінен кейінгі білім беру ұйымдарынан түскен өтініштер бойынша:
– лицензия берілді – 0,
– лицензияға қосымшалар берілді – 1,
– қайта ресімделді – 0,
– бас тартылды – 0.
Жалпы орта білім беру ұйымдарынан түскен өтініштер бойынша:
– лицензиялар берілді – 10.
– лицензияға қосымшалар берілді – 0.
– қайта ресімделді – 4.
– бас тартылды – 0.
Лицензиялау бойынша 2025 жылғы ІІІ тоқсанда бас тарту, мерзімдердің бұзылуы, шағымдар болған жоқ.
«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Апостильтдеу) көрсету бойынша:
2025 жылдың ІІІ тоқсанында апостильдеу бойынша – 130 өтініш түсті. Құжаттарға апостиль қойылды – 103. Қызмет берушімен бас тартылды – 27 өтініш.
Білім туралы құжаттарға, түрлері бойынша апостиль қойылды: мектеп аттестаттары – 69, колледж дипломдары – 15, басқа құжаттар – 19. Әзірбайжан – 1, Армения – 1, Бразилия – 3, Испания – 4, Италия – 8, Қытай – 2, Литва – 1, Польша – 10, Ресей – 2, Словакия – 7, Түркия – 6, Чехия – 19, Оңтүстік Корея – 4 елдеріне бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарға апостиль қойылды.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау; түбіртекте салық алымын алушының деректемелерін дұрыс көрсетпеу, тиісті емес құжаттарды ұсыну болып табылады.
Лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш.Әбілмәженов және лицензиялау бөлімінің бас маманы Е.М.Жантаев ZOOM арқылы Ақмола облысы білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің басшыларымен, орынбасарларымен және әдіскерлерімен семинар-кеңес өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар берілді.
Апостильдеу бойынша 2025 жылғы ІІІ тоқсанда бас тарту, мерзімдердің бұзылуы, шағымдар болған жоқ.