Мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының жаңа 2025-2026 оқу жылының дайындығына мониторинг

Ақмола облысының білім саласында  сапаны  қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының жаңа 2025-2026 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізіп жатыр.

Мектептерді жаңарту, күрделі жөндеу, мектептердің құрылысы, жылу беру маусымына дайындық, оқушыларды тасымалдау, СЭҚ, ТЖ талаптарына сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, пәндік кабинеттерді сатып алу, асхананы жаңғырту, санитарлық тораптардың жай-күйі, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлармен және басшы құраммен жасақтау, оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, жедел шешу мақсатында проблемалық мәселелерді анықтау бойынша мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг жүргізу мақсатында 2025 жылғы 30-31 шілдеде Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов Ақкөл ауданының, Бұланды ауданының, Біржан сал ауданының білім беру ұйымдарына барды.

Дата публикации
31 июля 2025