2025 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметі туралы есеп
Мемлекеттік қызмет көрсету
2025 жылдың І жартыжылдығында Департаментпен лицензиялау бойынша– 585 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде лицензиялар берілді – 2, қосымшалар-8, қайта ресімделді – 570, бас тартылды – 5.
ТжКБ ұйымдарына:
- лицензия берілді-1,
- лицензияға қосымшалар берілді-6,
- қайта ресімделді-30,
- бас тартылды-1.
мектептерге:
– лицензиялар берілді-2.
– лицензияға қосымшалар берілді-2.
- қайта ресімделді-540.
- бас тартылды-4.
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеудің негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну болып табылады.
2024-2025 оқу жылының басында 1 мектеп (Қосшы қаласы №4 жалпы білім беретін мектеп) ашылды. Қазіргі уақытта мектеп тиісті кіші қызмет түрлеріне лицензия және лицензияға қосымша алды. Қазіргі уақытта бір мектеп тиісті лицензиясыз білім беру қызметін жүргізеді (Целиноград ауданының білім бөлімінің Өтеміс ауылының жалпы білім беретін мектебі).
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында апостиль қоюға – 102 өтініш, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы – 83 өтініш, электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы – 19 өтініш берілді. Апостиль қойылды (оң) – білім туралы 71 құжат. Көрсетілетін қызметті беруші бас тартты-31.
Білім туралы құжаттарға түрлері бойынша апостиль қойылды: мектеп аттестаттары – 42, ТжКБ дипломдары – 7, басқа құжаттар-22. Түркия – 7, Чехия – 3, Польша – 15, Германия – 2, Италия – 10, Ресей – 1, Испания – 1, Оңтүстік Корея – 4, Австрия – 2, Словакия – 4, Литва – 1, Бельгия – 1 елдеріне бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарға апостиль қойылды.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау; түбіртекте салық алымын алушының деректемелерін дұрыс көрсетпеу, тиісті емес құжаттарды ұсыну болып табылады.
Лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш.Әбілмәженов және лицензиялау бөлімінің бас маманы Е.М.Жантаев ZOOM тәртібінде Ақмола облысы білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің басшыларымен, орынбасарларымен және әдіскерлерімен семинар-кеңес өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар берілді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында уақтылы көрсетілмеген (мерзімі өткен) мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар болған жоқ.