Әдеп уәкілінің 2025 жылдың 2-тоқсанына арналған есебі

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде  (бұдан әрі-Департамент) 9 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

2025 жылдың 2 тоқсанында  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу және мемлекеттік қызметтің беделін түсіру фактілері болған жоқ.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

«Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнама парағы нысаны бойынша мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен өткізілген  «Қадамдық Жоспарын» орындау мақсатында, құмар ойынға тәуелділіктің алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы дөңгелек үстелге Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова қатысты.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің кезекті отырысында Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес әр мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау қажеттігі жайлы айтып өтті.

Консультациялық көмек ретінде мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары, қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын сақтауын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

  Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, жеделхат-чатта және Департамент сайтында Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы ақпарат жарияланады.

Дата публикации
02 июля 2025