2025 жылғы 23 маусым айында өткен Ақмола облысы білім басқармасының алқа отырысына Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов қатысты.
Алқа отырысында қаралған негізгі сұрақ: «Ақмола облысы білім басқармасының 2024–2025 оқу жылының қорытындысы және міндеттері туралы». Облыстың білім беру жүйесінің жетістіктерін талдап, негізгі бағыттар бойынша тапсырмалар анықталды.
Отырыста мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру саласындағы негізгі көрсеткіштер, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайту және ата-аналарды тәрбиелеу процесіне белсенді тарту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының тиімділігі, дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша өз тәжірибе, цифрландыруды іс жүзінде енгізіп және нақты нәтижелерге қол жеткізу, облыста диагностиканы анықтау және одан әрі жүргізу мақсатында облыстық психологиялық қолдау орталығы жұмысы, «Bolashaq Saraiy» КМК-да Бірыңғай тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының І жартыжылдықтағы орындалу барысы туралы баяндамалар оқылды.
2024–2025 оқу жылының негізгі қорытындыларын талқылап, келесі кезеңге арналған нақты басымдықтар мен міндеттерді айқындалды.