Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министр М.Мелдебекованың төрағалығымен 2025 жылғы
13 маусымда білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлердің білім саласын дамытуға арналған жоспарларын талқылау мақсатында бетпе-бет түрінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңеске Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының Білім басқармаларының және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының қатысты.
Білім басқармасының және департаменттің басшылары облыстардың білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы, білім беру саласын дамытуға бағытталған жоспарларды және олардың іске асырылуы туралы айтылды.
Өңірлердің проблемалық мәселелері, оларды шешу жолдары қаралды, қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін дамытудың перспективалық жоспарларын дайындау бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.