Қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

 

Бүгін Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов  қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде  бірқатар өзекті мәселелер талқыланды:

- еңбек тәртібін орындау;

- білім саласы қызметкерлері жалақысының уақытылы төленуі;

- білім саласы қызметкерлерінен түсетін ұсыныстар мен шағымдар талқыланып, шешімдерін табу.

Қызметкерлердің еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

 

 

Дата публикации
02 мая 2025