Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы

2025 жылғы 21 ақпанда Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасовтың төрағалығымен педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасының Ақмола облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Г.Х.Джанбекова, Ақмола облысы бойынша аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкілі А.А.Асаинова, кеңес мүшелері қатысты

Кеңес отырысында облыстың білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу туралы мәселе қаралды. Ұсыныстар жасалды.

Құқықтары бұзылған жағдайда педагогтер Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 405 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8 (7162) 721465, 721466, 315693, ұялы телефон +7701-573-08-00.

Дата публикации
21 февраля 2025