2025 жылғы 20 ақпан күні Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастырылуымен «Ақмола облысы білім басқармасының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы» алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжіліске Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Каппасов Орал Кабиевич қатысты.
Алқа мүшелері: Облыс әкімінің орынбасары Д.Е.Айтбаев, ББ басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің басшылары, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары, мектептердің директорлар кеңесінің төрағалары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, бас мамандар.
«Ақмола облысы білім басқармасының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы», «2024 жылғы техникалық және кәсіптік білім берудің қорытындылары және Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберіндегі міндеттер», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы, 2024-2025 оқу жылын сапалы аяқтау жөніндегі міндеттер», «Педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуде әдістемелік сүйемелдеудің басым бағыттары», «Инклюзивті білім беруді іске асырудың жаңа тәсілдері», «Білім беру ұйымдарында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігі мен заңдылығы туралы. Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруға көшіру» тақырыбында баяндамалар жасалды.
Алқа мәжіліс соңында сұрақтар мен жауаптар, алқа қаулысының жобасын талқылау, білім басқармасы басшысының қорытынды сөзімен аяқталды.