2025 жылғы 20 ақпанда Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы К.А.Мұхаметжанова және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы А.А.Сейтенов ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті тарапынан ұйымдастырылған тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі және әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйелеріндегі инвесторларға қатысты шешімдерді прокурормен келісу қажеттілігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында аға прокурор Қуат Қанат қатысушыларға ТСОБТ жүйесінде тексерулерді тіркеу тәртібін түсіндірді. Аға прокурор Дизендорф Е. М. ӘІБТ жүйесінде инвесторларға қатысты әкімшілік өндірістерді тіркеу алгоритмі бойынша нұсқама өткізді.
Кеңес барысында қатысушылар проблемалық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.